Алтын косметикалық маскасы

520

Description

Солып бара жатқан теріге арналған тиімді жасартушы маска. Терінің бет-бедерін тегістеп, оған тегістілік пен серпімділік береді, әжімдерді жазады, бет пішінің  пішіндейді.

Биоэнергетикалық топтаманың және басқа да биологиялық жағынан белсенді құнды құрамдастарының арқасында тері жасушаларының жаңару процесі тездейді, терінің құрылымы қалпына келе бастайды, коллагеннің түзілу үдерісі жақсарады.  Әжімдер жазылып, тері жігерленіп, неғұрлым серпімді әрі иілімді болады, терінің тонусы артады.

Құрамы: озондалған биогенді су, қызыл раушан мен дәнді дақыл өскіндерінің майлы сүзіндісі, глицерин моностеараты, каолин, кокос майы, сорбитанолеат, майғындауыш балауыздар, полисорбат -20, ПЭГ 40, германон- К, гиалурон қышқылы, магний силикаты, жеміс қышқылдарының жинағы, карбоксиметилцеллюлоза, алтын тамырдың, қызылмияның, шырғанақтың, итмұрынның, грек жаңғағының, таңқурайдың, бидай өскіндерінің, сірінділері; лецитин, А, Е, F, РР, С дәрумендері.

Қолданылуы: бет, мойын және кеуде терісін кезекпен Косметикалық сүтпен, кейін Әмбебап лосьонмен тазартыңыз. Масканы  тазартылған бет, мойын және кеуде терісіне жағып, 20-25 минутқа қалдырыңыз. Масканы жылы сумен жуып, кейін теріні лосьонмен сүртіп, сәйкес крем жағыңыз.

bioton.kz
Количество отзывов:  
 1
  Аяаулым

Маска өте жақсы, бірақ қаптама ыңғайсыз, әрең ашылды және көлемі бір ретке  үлкен. Мұны екі рет жасауға болады, бірақ қаптама мүмкіндік бермейді. Бірақ маска керемет, тері бірден жұмсақ және балғын.

Reviews

There are no reviews yet.


Be the first to review “Алтын косметикалық маскасы”

Category: