Екінші тері косметикалық маскасы

520

Description

Құрғақ, солғын тартқан терінің күтіміне арналган аса тиімді өнім. Теріні қайта қалпына келтірудің айқын көріністі әсеріне ие бола отырып, теріге тән гидролипидті қабатты сақтайды да, оны терең тазартады. Зат алмасуын күшейтеді.

«Екінші тері» косметикалық маскасы теріні терең қыздырады, қан айналымы мен зат алмасуының жақсаруына жағдай жасайды. Тері және май бездерінің жұмысы жандана түсіп, жолдары ашыла бастайды.

Құрамы: озондалған биогенді су, коллаген, глицерин, мырыш тотығы,  гиалурон қышқылы, германон-К, А, Е, F, C дәрумендері.

Қолдану тәсілі: маскасы бар қалташаны ыстық суға (60-65°С), ішіндегісі сұйылғанша дейін салып қойыңыз;  қалташаны ашып, сілікпе тәрізді жылы масканы бет, мойын терісіне жұқалап, бір-екі қабат етіп жағыңыз; маска теріде 10-15 минут ұсталады, бұл уақыт ішінде терінің ұсақ тесіктері тарылып, терең емес әжімдер жазылады; маска тарту арқылы сылынып алынады, сол сәтте маскамен қоса теріден бөлініп шыққан қалдықтар да бірге кетеді. Масканы жылы сумен шайып кетіруге де болады.

bioton.kz
Количество отзывов:  
 1
  Рухсара

Мен қай уақыттан бері сатып қолданып жүргенімді білмеймін, бірақ бұл тиынға алынған олжа, екі-үш қолдануға жеткілікті. Нәтиже жағымды таң қалдырады. Одан кейін  тері тегіс, балғын.

Reviews

There are no reviews yet.


Be the first to review “Екінші тері косметикалық маскасы”

Category: