Шырғанақ кремі V-50мл

3,100

Сипаттама

Құрғақ және қалыпты теруге қолдану үшін ұсынылады.

Эпидермистің барлық қабаттарын ылғалдайды әрі нәрлейді,  құрғақ және қалыпты теріге аялай күтім жасайды, теріні құрғап кетуден, түлеуден және тітіркенуден қорғайды, теріге созымдылық, серпімділік пен жастық шырай береді.

Лецитин жасушалардың құрылымын қалпына келтіреді; шырғанақ, қырмызыгүл және жүзім сүйектерінің сірінділерінің антисептикалық, антиоксиданттық және қорғау қасиеттері бар; гиалурон қышқылы теріні терең әрі ұзақ уақытқа ылғалдандырады;  қанықпаған майлы қышқылдардың жиыны терінің регенерациялық үрдістеріне қатысады.

Құрамы: озондалған биогенді су, жүгері, шырғанақ, какао майлары; глицерин моностеараты, сорбитол, стеарил,  цетил спирттері, фосфолипидтер, полисорбат 20, ПЭГ–40 сутекпен біріктірілген үпілмәлік майы, майғындауыш балауыздар,  германон–К, гиалурон қышқылы, қанықпаған майлы қышқылдар жинағы, лецитин, шырғанақтың, қырмызыгүлдің, жүзім сүйегінің сірінділері; А, Е, F дәрумендері.

Қолданылуы: тазартылған бет пен мойын терісіне жағылады. Жыл маусымына қарай таңертең немесе кешке қолданылуы мүмкін.

Подробнее

текст

Пікірлер

There are no reviews yet.


"Шырғанақ кремі V-50мл" туралы бірінші пікір қалдырыңыз