-25%

Жаңа

Биобелсенді кремі ұлу сөлі қосылған

Original price was: 5,700₸.Current price is: 4,275₸.

Сипаттама

Қалыпты және құрғақ теріге қолдану үшін ұсынылады.

Крем құрылығы жағынан жеңіл, теріге нәзік және әсем реңк береді. Табиғи биоқұрамдауыштар тері мен қоршаған орта арасында қорғаныш тосқауылын қалыптастырады. Крем теріні едәуір жасартады, эпидермистің жаңаруын жеделдетеді, тері бетінің бедерін тегістейді, әжімдерді жазады.

Ұлу сөлінде жасушаларды бұзылудан қорғайтын пептидтер бар; құлмақ, мия фитоэстрогендері жасушалардың жасаруын және оларды антиоксиданттық қорғауды қамтамасыз етеді; терінің иммунитетін арттырады; макадамия, алое вера, какао, өсірілген дақылдардың майлары теріге масатыдай тегістік сыйлайды.

Құрамы: озондандырылған биогендік су, ұлу сөлінің сығындысы, глицерин моностеараты, цетил спирті, стеарил спирті , макадамия, зәйтүн, какао, алоэ вера, өндірілген астық тұқымдастары майлары;  гиалурон қышқылы, цетеарет – 20,  , германон К, полисорбат 20, ПЭГ-40 гидрогенизацияланған үпілмәлік майы, диметикон, диметиканол, лецитин, сквалан, гидроплазма,  годжи гидролаты, құлмақ, қызылмия, гүлтәжі, қызылбас жоңышқа фитоэстрогендерінің сығындылары, А, Е, F витаминдері.

Қолданылуы: бетіңіздің, қабақтарыңыздың және мойныңыздың таза терісіне кремнің аздаған мөлшерін жағып, жеңіл шапалақтаңыз. Таңертең және кешке қолдануға болады.

bioton.kz
Average rating:  
 1 reviews
 by Шынар

Түсініктеме:  бұл отандық брендтің косметикалық компаниясы, бұрыннан таныспын, экологиялық таза табиғи өнім және қол жетімді бағалар кез-келген адамды қанағаттандырады деп ойлаймын. Маған сапалы және тиімді өнімдер ұнайды.

Пікірлер

There are no reviews yet.


"Биобелсенді кремі ұлу сөлі қосылған" туралы бірінші пікір қалдырыңыз