Майлы теріге арналған фито-энзимді маска

520

Description

Масканы қолдану майлы алмасудың бұзылуымен байланысты көптеген мәселелерді шешеді. Нәтижесінде терідегі алмасу үрдістері қалпына келеді, ұсақ тесіктері тарылады, тері витаминдермен, микроэлементтермен, оттегімен байытылады, терінің балғын күйін сақтап, күңгірт түсті болуына мүмкіндік береді. Табиғи антиоксиданттар терінің қартаюына төтеп береді.

Құрамы: фито-маска: түйежоңышқа, қырмызыгүл, қалақай, теңіз орамжапырағы, ақбас жусан, шайқурай, көк шай, гүлшетен, қызылмия, түймедағы, энзимдер, жүзім сүйегі, сұлы жармасы, мырыш тотығы, каолин, тальк.

кремнің негізі: су, ақ раушанның майлы сүзіндісі, глицерин моностеараты, дәнектердің майлары, майғындауыш балауыз, цетил спирті, актилстеарат, германон-К, несепнәр, трилон Б.

Қолданылуы: фито-маска 2 қағаз қапшыққа оралған.Біреуінде босаңсытқыш крем, екіншісінде фито-энзимді композиция. Екі қағаз қапшықтардың ішіндегісін араластырып, 2-3 минут ұстай тұрыңыз, кейін масканы уқалау жолдары бойынша жеңіл айналдыра арқылы бет, мойын терісіне жағыңыз. Масканы 15-20 минут ұстаңыз, қалдықтарын теріге ысқылап сіңдіріп, кейін жылы қайнатылған сумен жуып тастаңыз. Масканы 10 қайтара курспен қолдану барысында (аптасына 2 рет) майлы терінің жағдайын қалыпты жағдайға дейін қалыптандыруға, жағымсыз майлы жылтырды жоюға, теріге жағымды күңгірт рең беруге септігін тигізеді.

bioton.kz
Количество отзывов:  
 0

Reviews

There are no reviews yet.


Be the first to review “Майлы теріге арналған фито-энзимді маска”

Category: