Проблемалы теріге арналған фито-энзимді маска

520

Description

Теріні тазартып, жаңа қабынуларды жояды, олардың алдын алады, липидті және көмірсутекті алмасуды қалпына келтіреді, терінің ұсақ тесіктерін тарылтады, майлы жылтырды жояды. Минералдар, витаминдер, антиоксиданттардың кешені теріні сау қалпына қайтарады.

Құрамы: фито-маска: алатікен, құлмақ, сәлбен, пармелия, қалақай, шайқурай, сүйелшөп, түйежоңышқа, ақбас жусан, сұлы жармасы, жүзім сүйегі, каолин, мырыш тотығы, теңіз орамжапырақтары, энзимдер, тальк.

кремнің негізі: су, ақ раушанның майлы сүзіндісі, глицерин моностеараты, дәнектердің майлары, майғындауыш балауыз, цетил спирті, актилстеарат, германон- К, несепнәр, трилон Б.

Қолданылуы: масканың құрғақ бөлігін креммен 2-3 минут аралығында араластырып, кейін тазартылған бет терісіне уқалау жолдары бойынша айналдыра жағыңыз. Масканы 15-25 минут ұстаңыз, қалдықтарын теріге сәл ысқылап сіңдіріп, кейін жылы қайнатылған сумен жуып тастаңыз. Масканы 10 қайтара курспен қолдану барысында (аптасына 2 рет) Сізге терінің белсендігін төмендетуге, оны ісіп қызару үрдістерін жоюға қажетті заттармен қамтамасыз етуге, тері жағдайын қалыптандыруға септігін тигізеді.

bioton.kz
Average rating:  
 0 reviews

Reviews

There are no reviews yet.


Be the first to review “Проблемалы теріге арналған фито-энзимді маска”