Видео и отзыв от Бақыт @bakhytusengali ⠀

Back to Posts

Видео и отзыв от Бақыт @bakhytusengali ⠀

Съёмка барысында  гримнің неше атасы жағылады. Қыстың аязы, Алматының смогы, түрлі стресстер теріге әсер етіп, құрғап, жақсы күтімді қажет етеді.

Құп-құрғақ теріге не көмектеседі деееп жүргенде @biotonlux.kz табиғи косметикасы мені 3 жылдан бері  құтқарып келеді.

Мен биобелсенді кремдерін бір апта бойы тестіледім:

  • Ұлу сөлі қосылған мицеллалық био-лосьонмен тазарттым, одан кейін
  • Жасартатын сарысу қолдандым.
  • Үшінші кезекте ұлу сөлі қосылған биобелсенді крем жақтым.
  • Жасартатын масканы қолдандым.

Жасартатын маска –  қорапшадағы екі қалташаны араластырып, 2-3 минуттай тындырып, бетке жақса, теріні қатқан қабыршықтардан тазартып, шаршау және ісіну белгілерін басады.

Биобелсенді лосьон мың қабат грим жағылған бет терісін өте жақсы тазартып, теріні жұмсартады. Ал, кремі теріні қажетті деңгейде нәрлендіріп әрі ылғалдық балансын қалпына келтіреді.

Жасартатын сарысу құрамындағы гиалурон қышқылы, табиғи шөптер мен өсімдіктердің сығындылары, майлы сүзінділер ұтымды үйлесіп,  терінің қартаю процестерін алдын алып, әжімнің тартылуына ықпал етеді.

Шипалы шөптер мен түрлі құнды майлардың қосындысы бет терісін сырты әсерлерден қорғайды.

Әдемі, жас көрінудің бірден бір құпиясы – отандық @biotonlux.kz косметикасы адамды жасартып жібермесе де, бетім терім жасарып қалды.

Share this post


Back to Posts