Жаңа
Крем-флюид РЕҢДЕУ КҮҢГІРТТЕУ SPF-20
4,000₸
- Description
- Reviews (0)
Description
Флюид ерекше нәзік құрылымға ие. Қолдану барысында тез сіңеді және де оңай таралады. Минералды пигменттер мен інжу-маржандардың арқасында крем-флюид теріде салмақсыз перде түзеді, ол ұсақ кемшіліктерді бүркемелейді, терінің тегістігін, ішінен жарықтандырылған күңгірт қабатын қамтамасыз етеді.
Теріні фотоқартаюдан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Терең ылғалдандырады, май бездерінің қызметін реттейді, тері тесігін тарылтады, майлы жылтырды азайтады. Теріні күйзелістен қорғайды, оның жасаруына ықпал етеді, балғындық пен серпімділік береді.
Құрамы: биогенді озондалған су, раушан, жөке гүлдерінен, ақжелкеннен гидрат сығындылары; майлар: макадамия, авокадо; изопропилмеристат, дипропиленгликоль, цетеарил спирті, інжу ұнтағы, ұсақ дисперсті титан диоксиді, силика, полисорбат 20, герман К, гиалурон қышқылы, сорбитанолеат, альфа-липой қышқылы, пантенол, монопропиленгликоль, ретинолацетат; итмұрын, жаңғақ, өскен бидай, розмарин, алоэ вера сірінділері; А,Е,F дәрумендері.
Қолданылуы: тазартылған теріге крем-флюидтің аз мөлшерін жағыңыз және таратаныз, сіңгеннен кейін оны терінің проблемалы аймақтарына жағуға болады.
Менің бет теріме жақсы келді. Бөтен иісі жоқ, жеңіл жағылады. Бетті бір реңге келтірді. Негізі ББ кремге ұксайды, аздап. Бетте жылтыр қалдырмайды. Жәнеде жазғы күзгі мезгілге жақсы екен, бетте ешбір ауырлықты сездіртпейді. Отандық өнімді қолдайық!
Маған крем өте ұнады! Бетті күңгірттейді және реңге келтіреді! Ылғалдылық сезімі бар! Сондай-ақ, SPF қорғанысы бар!
Мен Биотон косметикасын ұзақ уақыт бойы қолдандым, маған бүкіл желі ұнайды! Жақындамен бұл кремді сатып алдым,ол мені таң қалдырды. Әдемі рең, шынында да, бетке жеңіл перде сияқты! Иісі әрең байқалады! Ұсынамын! Мен барлық жаңа өнімдерді міндетті түрде аламын!
Be the first to review “Крем-флюид РЕҢДЕУ КҮҢГІРТТЕУ SPF-20”
You must be logged in to post a review.
Reviews
There are no reviews yet.