Description

Беттің ласы мен макияж қалдықтарын абайлап кетіреді, теріге биязылық пен жайнаған түр береді, гидролипидті теңгерімді сақтайды, теріні сергітеді.

Қызыл раушанның, жұпаргүлдің майлы сүзіндісі тері ластануларының майға еритін бөлшектерін ерітеді; гиалурон қышқылы терінің барлық қабаттарын ылғалдандырады;жеміс қышқылдары теріні жансызданған жасушалардан тазартады; алоэ вераның, алманың, қайыңның сірінділері теріні ылғалдандырады, терінің гидролипидтік қабатының тұтастығын сақтайды.

Құрамы: озондалған биогенді су, қызыл раушанның, киікотының майлы сүзіндісі, стеарил, цетил спирттері, дипропиленгликоль, полисорбат 20, гиалурон қышқылы, жеміс қышқылдарының жинағы, германон-К; А, Е, F дәрумендері, несепнәр, трилон Б, алоэ вераның, алманың, түйежапырақтың, қайыңның, анардың, қиярдың, бақбақтың сірінділері.

Қолданылуы: мақта дискісіне сүттің қажетті мөлшері жағылып бет сүртіледі, қажет болған жағдайда қайталауға болады. Сүттің қалдықтарын мақта спонжымен алып тастап, бетті Әмбебап лосьонымен сүрту керек.